Ұрланған көліктерді сатып пайда тапқан қаскөй қолға түсті

/uploads/thumbnail/20190401114210771_small.jpg

Алматы полициясы бірнеше көлік ұрлығына қатысы бар 25 жасар А.есімді азаматты қолға түсірді. Ол  тек Жетісу ауданында орналасқан бөтен біреулердің көліктерін ұрлаған  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ПД Баспасөз қызметінің дерегін негізге ала отырып.

«Қаскөй əдейі «Мазда-626» жəне «ВАЗ» маркалы автокөліктерді ұрлаған. Ескі көліктерді ашу жəне ұрлау оңай болған. Кейбір автокөліктердің кілттері тіпті басқа автомобильдерге сəйкес келеді. Ұры осы уақытқа дейін «Өжет» ықшам ауданында тұрып, «Айнабұлақ» ықшам ауданында қылмыс жасаған. «Үйінің арғы көшесінде əрекет жасаған» деуге болады. Ұрланған көлік құралдарын қаскөй, өзінің жеке мақсатында пайдаланған немесе сатқан. Мысалы, ол ауылға барып, көлік өзінікі екеніне жəне дұрыстап атына аударып алуға уақыты болмағанына сендіріп, «тапқанын» 80-100 мың теңгеге көлікті сатып, пайда тапқан. Қазіргі таңда күдіктінің қаланың шетінде осыған ұқсас 9 оқиғасы тіркелді. А.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Айта кету керек, жұмыссыз, бұрын соңды осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи