Д.Баландин азаматтың автокөлігінің айнасының ұрлану фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаланың Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің көмегімен осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Қадағалау камераларынан деректер талданды.
Қаскөйдің жеке басы анықталды. Оны қолға түсіру – уақыт еншісінде. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру қызметкерлерімен ұрланған айнаны іздестіру және тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ұрланған мүлікті сатуы мүмкін деген жерлер тексерілуде.
Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті сол түні және сол жерде «Ренж Ровер» маркалы автокөліктің айналарын ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.
Алматыда осы жылы ұрлықтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге азайған, «ізін суытпай» осыған ұқсас сипатта ұрлықтардың жартысынан астамы анықталды. Жыл басынан бері осы қылмыстарды жасағаны үшін 30-дан астам адам ұсталды, автокөліктерден ұрлық жасаған 3 қылмыстық топ бейтараптандырылды.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий