Қостанай қаласында 2 оқушы қызды көлік қағып кетті (видео 18+)

/uploads/thumbnail/20190411100431124_small.jpg

Қостанай қаласында 2 оқушы қызды көлік қағып кетті. Сұмдық оқиға 10 сәуірде түскі сағат 15:35-те болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушы қыздардың жасы шамамен 12 жаста. Жергілікті полиция депортаментінің мәлімдемесіне сүйенсек, көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашпаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын сұрастырып жатыр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқушы қыздардың миына зақым келген. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи