Ілияс Жансүгіровтің қызы қамауға алынған немересіне хат жазды (фото)

/uploads/thumbnail/20190422124425936_small.jpg

Алматыдағы марафонда ұсталғандардың қатарында Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөберелері бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кеше Алматы өткен марафон кезінде Бейбарыс Толымбетов, Әсия Төлесова және Сүйінбике Сүлейменова марафонға кедергі келтірді деген желеумен ұсталған еді. Кейін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбетов 15 күнге қамауға алды. 

Әсия Төлесова  — 1938 жылы репрессияның құрбаны болған танымал ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Жақында Ильфа Жансүгірованың немересіне қолдау көрсеткен  жазбасы фейсбук желісінде қызу талқыланып жатыр. 

Ильфа Жансүгірова

"Қымбатты, Асенька! Ештеңеге қарамай мықты бол! Бекем болуыңды тілеймін!  Ең бастысы денсаулық. Біз сені түсінеміз әрі жақсы көреміз! Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы", - деп жазған Ильфа Жансүгірова. 

Ильфа Жансүгірова - Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні. Ол — құпия түрде азаппен өлтірілген Санжар Жандосовтың жесірі. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи