Украиналықтар Зеленскийге не үшін дауыс бергендерін түсіндірді

/uploads/thumbnail/20190422152354789_small.jpg

Президент сайлауының екінші кезеңінде де жеңіске жеткен Владимир Зеленскийге дауыс берген Украина азаматтары жаңа басшыға үлкен үміт артады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі rambler.ru сайтының дерегін негізге алып. 

— Мен еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Зеленский зейнеткерлердің аз зейнетақысы мен азық-түліктің қымбаттап кетуін ретке келтіреді деген үміттемін,- дейді Ұлы Отан соғысының тыл ардагері София Вольская жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол, Зеленский халықтың алдында тізерлегенде барлық зейнеткерлердің оған сенім артқанын атап өтті.

Сондай-ақ украиналық политолог Михаил Погребенский азаматтарды саяси ахуал мен жемқорлықпен күрестің түбегейлі өзгеретініне зор үміт артпауға шақырды.

— Қандай да бір өзгерістердің болатыны анық, бірақ ол тек 2019 жылдың 27 қазанында өтетін парламенттік сайлаудан кейін белгілі болады. Ал бұл уақытқа дейін жаңа басшы, әлбетте, өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысады,- деп атап өтті Михаил Погребенский.

Бұған дейін Ресей стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Олег Неменский шоумен Владимир Зеленскийдің Петр Порошенко бекіткен саяси ахуалды түбегейлі өзгерте қоюы екі талай деп күмән келтірген болатын. Оның айтуынша, Зеленский бастапқыда президентке қарсы шыққан жоқ, тек украиналықтарды осы уақытқа дейін шаршатып келген бағыттарды өзгертуге талпынған.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи