Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі Қырымбек Көшербаевқа алғыс айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kyzylorda-news.kz сайтының дерегін негізге алып.
Айта кететін болсақ, Михаил Кылварт есімді Қызылорданың тумасы жақында Таллинаның мэрі болып қызметке тағайындалған болатын. Осыған байланысты Қызылорда облысының әкімі Михаил Кылвартқа құттықтау хатын жолдады. Кейін Михаил Кылварт Қызылорданың әкімі мен халқына құттықтап, ізгі тілек білдіргені үшін алғыс айтты.
"Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мені жаңа қызметіммен құттықтап және ізгі тілектерін білдірген сізге және жерлестеріме алғыс айтуға рұқсат етіңіз! Қызылорда облысының гүлденіп, дамуына тілектеспін. Сізге де табыс тілеймін!", - деп жазған Таллин қаласының мэрі.
Аударған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий