Маңғыстаулық дәрігер бір жарым жасар баланың өңешінен он тиынды отасыз-ақ алды (видео)

/uploads/thumbnail/20190425131308897_small.jpg
Дәрігер ешбір отасыз бір жарым жасар баланың өңешінен он тиынды алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл ақпаратты Азамат Сарсенбаев есімді қолданушы өз парақшасында жариялаған болатын.
 
"22.04.2019 жылы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жөтел, тыныс алуы нашар деген шағымдармен бір жарым жасар баланы алып келген. Кезекші дәрігер рентгенге түсіргеннен кейін баланың өңешінен бөгде затты байқаған.
 
Дәрігер Насухан Отарғазиев "Фолея Кататерін" пайдаланып, ешбір отасыз баланың өңешінен он теңгелік тиынды алып шыққан.
 
Бұған дейін Бейнеу Орталық облыстық ауруханасының директоры да дәл осы тәсілді пайдаланған екен. Қазіргі кезде баланың денсаулығы жақсы" делінген жазбада.
 
Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи