Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинге дәстүрлі кәріс қылышын сыйға тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Өзі де құр қол қалмады. Ресей жерінен осы аймақтың дәстүрлі қылышы мен шай сервизін алып қайтты.
"Заманауи қару-жарақ болмаған уақытта күшті арттыру үшін осындай қылыштарды пайдаланған. Бұл дүние - менің жан дүниемді және сізді қолдайтын біздің халқымызды рухтандыратын ерекше сыйлы зат", - деді Ким Чен Ын сыйлықты тапсырып тұрып.
"Көп рахмет", - деп алғыс білдірді Владимир Путин.
Қару сыйлау, қару алмасу – кез-келген халықта нашар ғадет болып саналады. Сондықтан, қос мемлекеттің көшбасшылары монета алмасты.
Бүгін Владимир Путин мен Солтүстік Корея мемлекетінің президенті Ким Чен Ын толық форматтағы кездесу өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий