Marwin-нің «Жомарттық қорабы» жобасы

/uploads/thumbnail/20190425162620886_small.jpg

"Marwin балалар тауарлары дүкендер желісі мен "Мирас" халықаралық мектебі, "Н.Назарбаевтың Білім қоры" ҚҚ, "Салауатты Азия" ҚҚ бірігіп, 26-сәуір күні "Жомарттық қорабы" атты қайырымдылық шарасын өткізбек.

Аталмыш шара Розыбакиев көшесінің бойында орналасқан "Мega Alma-Ata" ойын-сауық, сауда орталығындағы Marwin балалар дүкенінде өтеді.

Акцияның мақсаты – ем алу бөлмесіне немесе ота үстеліне кетіп бара жатқан балалардың көңілін аулау, психологиясының бұзылуына жол бермеу.

Қатерлі ісік диагнозы қойылған балалар күн сайын қорқыныш пен үрей, сенімсіздік пен ауырсынуды сезінеді. Олардың айтуынша, ең қорқынышты дүниелердің бәрі ем алу кабинетінде орын алады: жараны таңулар, екпелер, түрлі препараттарды орнату дегендей.

Ем шараларын алудан алдын балаларға "Жомарттық қорабынан" көңілі шапқан кез-келген ойыншықты алуға рұқсат беріледі. Осы арқылы олардың егу бөлмелері мен ота үстеліне кірердегі үрейін, қорқынышын сәл болса да бәсеңдету көзделеді.

Студенттер мен ата-аналар, "Мирас" халықаралық мектебінің қызметкерлері аталмыш акцияны белсенді түрде қолдап, науқас балаларға ойыншықтар жинауға атсалыспақ.

Шараны "Меломан"  ЖШС қолдауымен ұйымдастырған – "Мирас" халықаралық мектебі.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи