Тағы да дау: Украинаның бірінші президенті Зеленскийге шүйлікті

/uploads/thumbnail/20190426105923503_small.jpg

Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук жаңадан сайланған президент Владимир Зеленскийді Қырым мәселесінде ақылды саясат жүргізуге шақырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, жаңа президент пайдасы жоқ санкцияларды жалғастыра бермей, Қырым түбегінің тұрғындарымен ақылдасуы тиіс.

Бүл туралы экс-көшбасшы Ресей-Украина қарым-қатынастарының қалай өрбитіндігі туралы сұрақтарға жауап беру барысында айтты.

Леонид Кравчуктың сөзіне сенсек, Киевте Қырымды Ресей меншігі деп тануға ұмтылыс жасайтын ешкім жоқ. Бос сөз, дабыра дау жалғаса бермек. Алайда ол жаңа биліктің өзінің алдындағылардың қатесін қайталамайтынына сенеді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи