Жамбыл облысы Қаратау қаласында жоғалып кеткен 8 жасар қыздың мүрдесі табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аруай есімді қыздың анасы қызының киімдерінен танып, қайтыс болған қыздың Аруай екенін растады. Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, 24 сәуірде Талас аудандық полициясына 8 жасар қыздың жоғалуына байланысты арыз түсті. Аруай балаларға арналған өнер мектебіне барып, үйге қайтып оралмаған. Аруайдың атасы үнемі биге дайындыққа өзі апарып-әкеліп жүрген. Бірақ дәл сол күні Аруай үйге өзі қайтып келуі керек болатын. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерінен бөлек 70-ке жуық белсенділер атсалысқан.
Қазір қыздың мүрдесіне сараптамалық тексеріс жүргізілуде. Аталмыш оқиға Жамбыл облысының әкімі мен ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бақылауында.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий