Кезектен тыс съезд өткізген Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауына Жамбыл Ахметбековті ұсынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков 1961 жылы 11-ақпанда Ақмола облысы, Қорғалжың ауданы, Жантеке ауылында дүниеге келген.
Жамбыл Ахметбеков ауылшаруашылық институтын тәмәмдағаннан кейін бірқатар құзырлы орындарда жұмыс жасаған.
2011 жылы Президент сайлауына қатысып, 1,36 пайыз дауыс жинады. 2012 жылғы Мәжілістің V шақырылымының ҚХКП атынан депутаты болып сайланды.
Биыл жарияланған кезектен тыс президент сайлауында Жамбыл Аужанұлы тағы да бақ сынап көрмекші.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий