Желіде белгісіз қолданушының Шетпе маңында болған жол-көлік апаты орын алған жерден жариялаған бейнематериалы жарық көрді. 24-сәуір күні кешқұрым Маңғыстау облысының территориясында болған оқиға орынынан кінәлі жүргізуші қашып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Toyota Camry көлігіндегі зардап шеккендердің хәлін көрген соң өз машинасының номерін алып, белгісіз бағытқа із суытқан. Зардап шеккен көліктің ішінде үш ер адам және жүкті әйел болыпты.
"Куәгерлер полиция шақырды. Тәртіп сақшылары келді де, артынан дереу кетіп қалды. басқа патрульдік көлік арада жарты сағат өткеннен кейін келді", - дейді бейнеролик авторы.
Жедел жәрдем келген бетте үш жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне қайтарды. Ал аяғы ауыр әйелді облыс орталығындағы ауруханаға жеткізген. 25-сәуір күні оны дәрігерлердің нұсқауымен Шетпеге емделу процесін әрі қарай жалғастыруға жіберді.
Автор жол талғамайтын көліктің рөлінде қаладағы белді шенеуніктердің бірі екеніне шүбәсі жоқ екенін айтады.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий