Құдай жасаған айдан Қытай жасаған ай жарығырақ

/uploads/thumbnail/20190503102735826_small.jpg

Қытай ғалымдары аспан жүйесіне жасанды айдың макетін ұшырмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды жер серігін іске қосудан көзделетін басты мақсат - ғаламшардың жарық бөлігіндегі күн сәулесіне шағылысуы нәтижесінде тәуліктің түнгі уақытында қаланы күндізгідей жарық ету. Алғашқы тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін Қытайдың оңтүстік-бастысында орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Чэнду қаласы таңдалып алынған.

Жоба авторларының айтуынша, жоба іске қосылса, жылына 170 млн доллар көлемінде мемлекет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алғашқы "ай" ғарышқа 2020 жылы ұшырылмақ. Егер барлығы ойдағыдай жүзеге асар болса, 2022 жылға қарай тағы 3 жер серігін ұшыру көзделіп отыр.

Қытай жасаған "айдың", Құдай жасаған айдан айырмашылығы сол, ол нағыз айға қарағанда 8 есе мол жарық таратады-мыс. Жоба инженерлерінің сөзіне сенсек, бұл құрылғы түнде тіршілік ететін жан-жануарларға мүлде залалы тимейді.  Жасанды жер серігінің қандай көлемде болатыны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, ал жарықтандыруға қауқарлы аймағының көлемі – 10 шақырымнан 80 шақырымға дейін созылуы мүмкін.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Оставить комментарий

Связанные Статьи