Мансап жолы: Тоқаевтың Қытайдағы суреттері

/uploads/thumbnail/20190503105559677_small.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевты білікті дипломат ретінде бәріміз білеміз, бірақ оның еңбек жолын қашан, қайда бастағанын біле бермейміз. Ол  жауапкершілігі жоғары дипломатиялық қызметін Орта Азиядағы сыртқы қарым-қатынас, саяси реформалардың жасалуына тікелей араласудан бастады. Соның ішінде жас дипломат Қ. Тоқаев Қытай мен Кеңес Одағының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың сәтті жүзеге асырылуының куәгері болды.  

Ол дипломатиялық еңбек жолын 1970 жылы ССРО кезінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып жүргенде Қытайда оқу тәжірибесінен өтуден бастады. 

Оқу тәжірибесі

Кейін, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтынан тағылымдамадан өтеді.

Тағылымдама

Осылайша, ол дипломатиялық еңбек жолын 1985-1991 жылдар аралығында Қытайдағы Кеңес Одағының елшілігінде қызмет етуден бастады.

Елшілікте

Оның Қытайдағы кеңестік елшілікте істеуі дипломатия жолында бірден үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Себебі, 1980 жылдардың аяғында Қытай Кеңес Үкіметінің сыртқы саясатының ең қиын және маңызды бағыттарының бірі болатын. Алайда, сәтті дипломатиялық қарым-қатынастың арқасында екі ел арасында шиеленіскен мәселелер шешіліп, жаңа саяси реформалар орнай бастады. 

Дипломат

Тоқаев сол кездегі Қытайдың саяси реформалау, мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және жаңа экономикалық модельге ауысу кезеңін тікелей бақылай алды. Қытайдың дамушы кедей елден әлемдік экономикалық алпауытқа айналуы сияқты сәтті реформасының куәгері ретінде «мемлекетті модернизациялауды» жүйелерін жақсы біледі. 

Дипломат

Қытайда

Бірқатар жылдар Кеңес Одағының Қытайдағы елшілігінде қызмет атқарған дипломат қытай тілін еркін меңгерген, қытайдың менталитетін, елді дамыту логикасын жақсы түсінеді.

Дипломат

Дипломат

Тоқаевтың ССРО құрамында кеңес-қытай елшілігінде қызмет етуі Қазақстанның шығыстағы көршімізбен тығыз достық қарым-қатынас орнатуға себепкер болды.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи