Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның ағасын өлтірген Вьетнам азаматшасы Зоан Тхи Хыон бостандыққа шықты. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
Бүгін таңертең түрмеден азат болған ол енді Малайзия арқылы өз елі Вьетнамға жол тартпақ. Жазасын өтеп жатқан әйелді не үшін мерзімінен бұрын босатты, ол жағы ашып айтылған жоқ.
Атап өтер болсақ, ол 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылғаны белгілі. Оған «қауіпті затпен денсаулыққа зиян келтіру мақсатында қасақана кісі өлтірді» деп айып тағылды.
Әрине қылмыскер өз айыбын мойындады. Жалпы Малайзияда кісі өлтірген адам өлім жазасына кесіледі. Алайда оның жолы болған. Осыдан бірер ай бұрын тағы бір айып тағылған күдікті абақтыдан босатылған. Оның да Ким Чен Ынның ағасының өліміне қатысы болған. Бірақ тексеру барысында олар адам өлтіргенін мойындағанымен, Солтүстік Корея агенттерінің алдауына түсіп қалған. Олар «қандай да бір шоуға, телебағдарламаның ойынына түсіп жатырмыз» деп ойлаған. Сөйтіп, Куала-Лумпур әуежайында белгісіз азаматтың денесіне ақ ұлпа дәрі жаққан. Ал аталған дәрі халықаралық конвенция бойынша рұқсат етілмеген химиялық дәрі болып шыққан. Осының салдарынан белгісіз азамат қайтыс болған. Ал ол Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Нам болып шыққаны белгілі.
Оставить комментарий