Украина Зеленский туралы шындықты айта бастады

/uploads/thumbnail/20190506100231849_small.jpg

"Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленский Донбасс үшін де, Украинаның экономикасы үшін де ештеңе істей алмайды, бұл ащы шындық", - деп мәлімдеді Жоғары раданың депутаты Вадим Рабинович «112 Украина» телеарнасындағы сұхбатында.  

«Оның айналасында жүрген адамдар мен өзін ұстау әдебін бақылап қарайтын болсақ, оның мемлекеттің жағдайын өзгерте алмайтынына көз жеткіземіз», - деп атап өтті Рабинович.

«Зеленский Порошенконы сайлауда жеңген кезде, тек өзінің «тарихи рөлін сомдады», - деді.

Сонымен қатар депутат, украиналықтарды Рададағы сайлауда елдегі экономикалық ахуалды ретке келтіру үшін дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, Украинаның мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі сайлау қортындысын ресми түрде мәлімдеп, оны «Голос Украины» газетінде жариялағаннан кейін отыз күннің ішінде өтуі керек. Алайда ұлықтау рәсімінің нақты күнін Жоғарғы Рада жеке қаулы арқылы белгілеуі керек.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Связанные Статьи