Елімізде Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне бір жолғы төлем жасайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 мамырына Ұлы Отан соғысының 1425 қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері өмір сүреді.
Жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге қолдау көрсету және оларға құрмет таныту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Әкімдіктер өздерінің бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай біржолғы ақшалай төлем мөлшерін бір-бірінен бөлек белгілейді.
Нұр-Сұлтан - 519 мың теңге,
Алматы - 250 мың теңге,
Шымкент - 250 мың теңге,
Шығыс Қазақстан облысы - 542 мың теңге,
Ақмола облысы - 500 мың теңге,
Павлодар облысы - 500 мың теңге,
Қарағанды облысы - 300 мың теңге,
Атырау облысы - 300 мың теңге,
Ақтөбе облысы - 300 мың теңге,
Батыс Қазақстан облысы - 300 мың теңге,
Маңғыстау облысы - 250 мың теңге,
Солтүстік Қазақстан облысы - 250 мың теңге,
Түркістан облысы - 250 мың теңге,
Қызылорда облысында 202 мың теңге,
Қостанай облысы - 150 мың теңге,
Жамбыл облысы - 150 мың теңге.
Сонымен қатар, министрлік 2019 жылы Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысына және мүгедегіне кем дегенде 300 мың теңге төлеуді ұсыныс жасады. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн. теңгеге 69 адамға, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 млн. теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 млн. теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 млн. теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам-1,3 млрд. теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам-676 млн. теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі.
Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте санаторлық-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагерлеріне 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.
Ұсынған: Ильдар Адильченов