Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Маджид Самадзадех Сабер бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясымен кездесті.
Бұл Иран әскери қызметінің Қазақстанға екінші, ал жалпы алғанда айлақтар мен порттарға тоғызыншы сапары. Ақтау теңіз порты айлағында Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің Каспий флотилиясының екі әскери кемесі үш күн қатарынан тұрады.
Өңір басшысы Маңғыстау облысына достық-ынтымақтастық ниетпен келген Иран Ислам Респбликасының теңіз күштерінің Каспий флотының келуі біз үшін үлкен мәртебе екендігін және екі елдің қарулы күштердің қарым-қатынастарын нығайтуға толық мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Маңғыстау облысы жалпы Иран Ислам Республикасымен соның ішінде Мазандаран, Гулистан провинцияларымен тығыз қарым қатынаста.
Бүгінде олыста Иран Ислам Республикасының қатысуымен әр түрлі экономиканың салаларында бірлескен 15 кәсіпорын тіркелген.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы Иран Ислам Республикасымен арасындағы 2018 жылы қаңтар-желтоқсан айында тауар айналымы 41,9 млн. АҚШ долл. құрады (2017 жылы тауар айналымы 26,7 млн АҚШ долл. құрады.) Оның ішінде экспорт 7,3 млн .АҚШ долл. (2017 жылы экспорт 2,6 млн АҚШ долл. құрады), ал импорт 34,5 млн. АҚШ долл. құрайды.
Экспорт құрылымы: арпа, пияз, бидай сияқты азық-түлік өнімдері, сонымен қатар, мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы тауарлар мен металлдар, ал, Импорт құрылымы: құрылыс индустриясының тауарлары, тұрмыстық қажеттік және азық-түлік тауарлары.
2018 жылы 19 қазанда, Маңғыстауда губернатор Манаф Хашеми бастаған Иран Ислам Республикасы Гулистан провинциясының басшылары мен кәсіпкерлердің ресми кездесуі өткен болатын. Кездесудің нәтижесінде Маңғыстау облысының әкімдігі мен Гулістан провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Маджид Самадзадех Сабер Иран әскери теңіз портының атынан жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстанның әскери теңіз күштерінің кемелерінің сапарын Иран елінде де қарсы алуға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, екі мемлекеттің жоғары деңгейдегі саяси басшыларының жігері, әсіресе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың екі елдің ынтымақтастығын дамытудағы еңбегінің зор екендігін атап өтті.
Кездесу соңында Ералы Лұқпанұлы алдағы уақытта да облыс әкімдігі кез келген бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Оставить комментарий