Ақтауда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті.
Конференция облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті. Өз сөзінде Ералы Лұқпанұлы, наурыз айында елімізде қоғамдық-саяси үлкен өзгеріс болғандығын, Елбасының өз өкілеттілігін тоқтату жөнінде қабылдаған шешімінің тарихи маңызы зор екендігін және бүгінгі конференция Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII съезінде жүктеген тапсырмаларына және еліміз үшін өте маңызды шара – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Үндеуіне байланысты өтіп отырғандығын айтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру, ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтау, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру үшін тағдырлы шешім қабылдағандығын, Қазақстан демократиялық мемлекет болғандықтан, Президент халықтың таңдауымен сайланатындығын, халқымыздың алдында Елбасының сенімін ақтайтын қоғам қайраткерін, лайықты тұлғаны сайлау міндеті тұрғандығын және аталған мәселелерге орай, партияның аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы шақырылды деген Ералы Тоғжанов, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасары болып тағайындалған Елубай Жақайұлы Әбіловты көпшілікке таныстырып, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы жүктеген партиялық жобаларды жүзеге асыруға күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдірді.
Конференцияның өкілеттілік нормасына сәйкес 27 351 партия мүшесінен 200 делегат сайланып, олар толық қатысты.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Еске сала кетейік Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың ақпан айында өткен съезде инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды, перспективалық ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобаларын жариялап, жаңа міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова баяндама жасады.
Оның айтуынша, аталмыш партиялық 4 жоба туралы 11-13 сәуір аралығында 158 бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары мен 7 аумақтық филиалдардың конференцияларында кеңінен түсіндірілген.
Мәселен, бірінші жоба «Халыққа көмек» деп аталады.
Оның аясында өңірдегі қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жанынан 8 бірыңғай әлеуметтік терезе ашылды, онда әр азамат өзіне ыңғайлы тәсілмен (келу, call орталық, электрондық пошта арқылы, әлеуметтік желі арқылы) өтініш білдіре алады. Әр қабылдау бөлмесінде мобильдік топтар құрылған, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес өкілдері кірді. Өтініштер «осы жерде және қазір» принципімен қаралады. Маңғыстау облыстық, қалалық, аудандық филиалының қоғамдық бөлмелеріне жыл басынан барлығы 576 арыз –шағым келіп түсіп, оның 288-і оң шешімін тапқан.
Екінші маңызды жоба – «Бақытты отбасы» деп аталады.
Оның аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған Балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобын жасақталып, жұмыс жоспар бекітілген. Құрамында мемлекеттік органдардың, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның белсенді азаматтары және блогерлер бар. Аталмыш топтың мүшелері 16 ақпанда Ақтау қаласы 34 шағын аудандығы Достық үйінде көп балалы және жағдайы төмен отбасыларының азаматтарын қабылдап, олардың мәселелерін қараған.
«Nur Otan» партиясының «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы бойынша өңірлік ведомствоаралық сараптама тобы құрылды. Аталған топ өңіріміздегі 134 мектептің 93-не мониторинг жүргізген. Бұл жұмыс әліде жалғасын табады.
Үшінші жоба - «Ауыл – ел бесігі» деген атауға ие.
Жобаның мақсаты – ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қызметін жаңғыртуға және олардың өмір сапасын жақсартуға жастардың белсене қатысуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Биыл өңірде жалпы 3 коворкинг орталығы ашылады. Соның ішінде Мұнайлы ауданында ашылды. «Мектеп спортзалын жаңғырту» жобасы бойынша өңірде 5 мектептің спорт залы жаңартылады. Ақтаудағы – 3 мектеп, Мұнайлы ауданы бойынша – 2 мектептегі спорт залдар жаңғыртылады. Екінші – ауылды кадрмен қамтамасыз ету. Қолдау шараларын жақсарту есебінен «Дипломмен ауылға» жобасының аясында мамандарды тарту жоспарланған. Үшінші – ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту. Ағымдағы жылы 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Тағылымдама қорытындысы бойынша кем дегенде 500 жасты ірі шаруа қожалықтарына жұмысқа орналастыру, агро-өндірістік кешен саласында кемінде 200 жастар жобасын іске қосу жоспарланған.
Төртінші ұлттық жоба – «Құтты мекен».
Жобаның мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылау. Осы мақсатта үш деңгейлі бақылау жүйесі құрылды. Яғни аудандар мен қалалар деңгейінде мониторингілеу топтары жұмыс істемек. Олар тікелей объектінің өзінде бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар облыс деңгейінде мәслихаттардағы депутаттық фракциялар, партиялық бақылау комиссиялары және өзге партиялық органдар қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізеді, сонымен қатар жағдайға талдау жасап, жергілікті сипаттағы ұсынымдар әірлейді. Тағы бір маңызды мәселе, орталық деңгейде жобаның іске асу барысы туралы мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардың есебі тыңдалады және партияның республикалық масштабтағы ұстанымы әзірленеді.
«Осылайша, жергілікті жердегі, ауылдардағы, аудандардағы және қалалардағы біздің партияластарымыз тұрғындардың азаматтық белсенділігін ынталандыру, азаматтарды әлеуметтік маңызды іске тарту үшін мүмкіндік алады. Лауазымды тұлғалардың арасында сыбайлас жемқорлыққа, ұрлыққа, немқұрайлылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жағдайлары жасалады. Бұл дегеніміз – бюджет қаражаты мақсатты жұмсалмақ. Халық белгіленген мерзімде сапалы жолға, тұрғын үйге, коммуникацияға, өзге де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді», - деді өз баяндамасында Звира Есбергенова.
Ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың табысы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған партиялық жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырбек Ибрашовқа сөз берілді.
Сондай-ақ, сөз сөйлегендер қатарында ардагер - ұстаз, партия ардагері, ұстаздар династиясының мүшесі Ләйла Жалғасбаева, «Өзенмұнайгаз» компаниясының инженері Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Кудуз Баматгереев, ауылшаруашылығы саласының ардагері, Түпқараған ауданының қоғамдық кеңес мүшесі, партия ардагері Нұрым Бөлекбаев болды.
Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясына ұсынылған мәселелер толық қаралған соң Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII съезінде «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» атты партиялық жобаларына айрықша мән беру керектігі айтылды. Аталған партиялық жобалар аясында халықты алаңдатқан өзекті мәселелерге қатысты жедел пікір білдіріп, елімізде болған кез-келген өткір де өзекті мәселелерге бірден назар аударып, олардың оңтайлы шешілуіне бар күш-жігерімізді жұмсауға тиістіміз деген облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов, сөзінің соңын Елбасы жүктеген осы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосатындығына және халық таңдауын көрсететін президенттік сайлауға қатысты іс-шаралар барысында жауапкершілік танытатындықтарына сенімдімін деп шараны қорытындылады.
Оставить комментарий