Транскаспий бағыты бойынша фидерлік желі іске қосылды

/uploads/thumbnail/20190508155216885_small.jpg

Ақтау теңіз портында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша фидерлік желіні ашу бойынша салтанатты іс-шара өтті. Баку портына контейнерлерімен қоса қазақстандық тұңғыш «Түркістан» фидерлік кемесі жіберілді. Осы жобаның теңіз операторы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТҚК болып табылады.

Іске қосу рәсіміне «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және Транскаспий бағытындағы сервисті пайдаланатын көлік-логистикалық компаниялардың басшылары мен жүк жөнелтушілер қатысты.

Фидерлік кемелер апта сайын қатынап тұратын болады. Транскаспий бағыты (ТМТМ) өңірдегі еуразиялық көлік артерияларының негізгі буыны болып табылады және Қазақстанның транзиттік дәліздері жүйесін толықтырады. Бұл Қытай мен Қазақстаннан Кавказ, Түркия елдеріне тікелей шығу. 

Тұрақты фидерлік қатынас Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынын арттыруға және Каспий өңірінде жүктерді контейнерлеудің одан әрі дамуына ықпал етеді.Фидер

Жиында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов сөз алып, фидерлік желінің маңызын түсіндірді.

-"Бүгін біз облысымыздың экономикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға жол ашатын тағы бір маңызды тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Жалпы Қазақстанның, соның ішінде Маңғыстаудың инфрақұрылымын дамытудың негізін қалаушы – біздің Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша 2,5 мың км жаңа темір жол және 12,5 мың км авто жол салынды, бұл Қытайдан Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне біздің порттар арқылы жүктерді тасымалдау салдарынан республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырғаны сөзсіз. Осының арқасында, біз тәуелсіздік жылдары логистика саласындағы халықаралық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болдық. Транскаспий бағыты - бұл Қазақстанның транзиттік дәліздерінің жүйесін толықтыратын аймақтағы еуразиялық көлік артерияларының маңызды буыны", деді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев атап өткендей, бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ашылып отыр. Негізгі міндеті Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді инфрақұрылым құру болып табылады. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы халықаралық мультимодальды теңіз тасымалдарын жетілдіру арқылы осы процеске белсенді түрде тартылған.Фидер

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТҚК фидерлік қатынас операторы болып табылады, оның бірінші сыныпты мемлекеттік лицензиясы бар, қазіргі заманғы сауда флоты бар және тәжірибелі және білікті персоналмен қажетті құзыреттілікке ие.

Фидер бағыты үшін «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес сатып алынған жаңа флот пайдаланылатын болады.

Осы тасымалдарды орындау Теңізде жүзу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық және ұлттық талаптарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи