Министр 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

/uploads/thumbnail/20190225173612175_small.jpg

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

"Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды", - деп жазылған хабарламада.

Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи