Украина әскері Донбассты басып алуы үшін бір күннен аз уақыт кетеді деді «1+1» телеарнасының эфирінде Украинаның бірлескен күштерінің бұрынғы командирі Сергей Наев. Бұл туралы news.rambler.ru сайтында жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, әскери сценарийде ең бастысы – Украина шекарасына жетіп, сол жерде шоғырлану үшін өте жылдам әрекет ету.
Сонымен қатар Сергей Наев, «босатылған аумақтарда» Ұлттық гвардия мен Ұлттық полиция арнайы іс-шараларды бастауы керек деп атап өтті.
Бұған дейін Новороссия парламентінің экс-спикері Олег Царьев НСН телеарнасының эфирінде, Украинаның Донбассты қайтару туралы мәлімдемесіне не себепті мән бермеу керек екені туралы түсіндірген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстар 2014 жылдың көктемінде басталған. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, бұл қақтығыста 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын жазықсыз құрбан болған.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий