"Ислам мемлекеттері" тобына (елде тыйым салынған) мүше болғаны үшін сотталған 29 тұтқын, Тәжікстан мемлекетіндегі Вахдат қаласындағы түзету колониясынан қашу амалдарын ұйымдастырғаннан кейін өлтірілген. Ол туралы 20 мамырда елдің Әділет министрлігі хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше сағат 20:30-да (Елорда уақытымен 21:30) №2/3 қатаң жазалау колониясында болған. Түрмеде барлығы 1500 тұтқын бар.
"Ислам мемлекеттері" тобына мүше 30 тұтқыннан құралған топ, пышақ және басқа да суық қарулар пайдаланып түрменің үш қызметкерін өлтіріп, қашып кетпек болған.
"Қақтығыс кезінде 3 түрме қызметкері және 29 тұтқын қаза тапты. Қаза тапқандар ішіндегі 8 адамды қашуды ұйымдастырған тұтқындар өздері өлтірген", - деп хабарлады Тәжікстан Әділет министрлігінің орынбасары Мансурджон Умаров.
Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келтіріліп, колония әкімшілігінің басты бақылауына алынды.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий