"Ешқандай кабинетте менің суретім ілінбеуі керек. Президент – табынатын икона емес, президент портрет емес!", - деген болатын Зеленский кешегі ұлықтау рәсімінде. Осыған орай желіде "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында қала көшелеріне ілінген суреттерін көріп, "менің суреттерімді ұрандатып ілудің қажеті жоқ" деген болатын. Осыны негізге алған желі қолданушылары "оны Зеленскийден бұрын Тоқаев айтқан" деп жазып жатыр.
"Барлығы Украинадағыдай болғанын қалайды, бірақ Украина Қазақстандағыдай жасап жатыр. Зеленский Тоқаевтан үлгі алып, портреттерден бас тартты", - делінген видеода.
Дайындаған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий