ҰҚҚ басшысы Кәрім Мәсімов әкесі Қажымқан Мәсімов туралы кітап жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі экс-премьердің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
“Әкем туралы кітап жаздым. Әулетіміздің тарихы мен толық шежіресі”, - деп жазды Мәсімов.
Видеода ҰҚҚ басшысы жанұясының тарихын айтып, кітап туралы біраз ақпаратпен бөлісті.
“Өзіңіз білетіндей, қазақ халқы шыққан тегіне үлкен назар аударады. Бұл кітап біздің ұрпақтарға ата-бабалары қандай болғаны туралы түсіндіріп береді. Сондықтан ол “Тамыр” деп аталады. Бұрын әкемнің сөздеріне көп мән бермегем. Бірақ ол өмірден озғаннан кейін, әкем туралы көп ойландым. Осылай кітап шығару туралы ой түсті”, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, 80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 2019 жылдың 8-сәуір күні қайтыс болды.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий