Жанқош Тұраров: Бәрі Головкиннің өзіне байланысты

/uploads/thumbnail/20190521142631737_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров соңғы кездері елді елең еткізген Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов төңірегіндегі жағдайға өз пікірін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Геннандий Головкиннің шешімі - тек өзінің шешімі. Кімді андеркардқа қояды, кімді қоймайды, өз еркіне деп ойлаймын. Бәрі өзіне байланысты. Бұл оқиға жайлы басқа айтарым жоқ", - деді орталық коммуникациялар қызметіне берген сұхбат барысында. 

Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Геннадий Головкин - Стив Роллс андеркардынан алып тасталған еді. 

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

Оставить комментарий

Связанные Статьи