Қостанай қаласында 2017 жылы дүниеге келген қыз ғимараттың 4-ші қабатынан құлап кетті. Бұл оқиға жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады МИА «Казинформ» сайтына сілтеме жасай отырып.
«Бүгін тағы да қайғылы оқиға орын алды. Түскі сағат 13:00 шамасында 2017 жылғы, яғни небәрі 1,5 жастағы қыз Қобыланды батыр көшесінде орналасқан ғимараттың 4-ші қабатынан құлап кетті. Кішкентай қызды жедел-жәрдем тобы облыстық балалар ауруханасына алып кетті»,- деп мәлімдеме жасады басқарма.
Қазір балақай жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.
Аударған: Бек Байтас
Оставить комментарий