Аялдамада 19 адамды пышақтаған белгісіз күдікті өз-өзіне қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20190528123727550_small.jpg

Жапонияда белгісіз азамат Токиоға жақын жердегі Кавасаки қаласында аялдамада тұрған 19 адам пышақтады. Оның 13-і - бала. Оқиға 28 мамырда таңертең болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Полиция "күдікті өзін пышақтап өлтірді" деп хабарлады.

Жапониялық БАҚ бір бала мен ересек адамның қаза тапқанын жазды. Жергілікті өрт сөндіру қызметі кем дегенде бір адамның мерт болғанын растады.

NHK басылымының жазуынша, күдікті табылған жерде екі пышақ жатқан. Күдіктінің кім екені мен мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Ұсынған: Мият Кәшібай

Оставить комментарий

Связанные Статьи