Жамбыл өңірінде ауылшаруашылығы саласына жіті көңіл бөлінуде

/uploads/thumbnail/20190528194205893_small.jpg

2018-2019 жылдың мал қыстату науқанына мал азығын дайындау бойынша 481,3 мың гектардың шөбі шабылуға тиіс болса, нақты орылғаны 508,7 мың гектарды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 105,7 пайызға орындалған. Облыс бойынша 1404,2 мың тонна пішен дайындау жоспарланса, нақты дайындалғаны 1526,7 мың тоннаға жеткен немесе жоспардың 108,7 пайызын құраған. 47,0 мың тонна пішендеменің  44,4 мың тоннасы дайындалып, 94,5 пайызға жетсе, 45,0 мың тонна сүрлемнің  56,1 мың тоннасы дайындалды. 

2019 жылдың өніміне  сүр (пар) көтеру шаралары облыс бойынша 102,7 мың гектар алқапқа жоспарланса, нақты көтерілгені 102,7 мың гектар немесе 100,0 пайыз. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 1 миллиард 511,7 миллион теңге  қарастырылып, 1511,7 миллион теңгенің құжаттары қалыптастырылып игерілді немесе  100 пайызды құрап отыр. 2019 жылға 3,0 миллиард теңге қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. Сонымен қатар, 2019 жылға 1,0 миллиард теңге қаржы қарастырылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының 22,0 пайызына минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарлануда.  

  Жамбыл облысы бойынша 32 шаруашылықта   көлемі жалпы аумағы  32 гектарды құрайтын жылыжайлар орналасқан, оның ішінде 9 гектар алқабы өндірістік жылыжайлар. 2018 жылы барлығы 3866,2 тонна өнім алынып,  алынған өнімдер Тараз, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұтынушыларына өткерілген. Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру жоспарлануда.

  Жамбыл облысы географиялық орналасу жағдайы бойынша жеміс-жидек дақылдарын өсіруге қолайлы аймаққа жатады. 2015-2018 жылдары облыста 625  гектар алқапта үдемелі бақтары отырғызылған. 2015-2017 жылдары егілген баулардан бүгінгі күнге өнім жиналып, облыс және Республика тұтынушыларна сатылуда. 2018 жылы аталған баулардан 6,5 мың тоннадай өнім алу жоспарланған. Аймақтарды дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы облыста үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарланған.

  Ал, 2019 жылдың өнімі үшін 100,2 мың гектар күздік бидай себу жоспарланып, 121,5 мың гектар жер дайындалған. 120,6 мың гектар күздік бидай, 0,8 мың гектар күздік арапа себіліп, көрсеткіш 121,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, 2019 жылдың өніміне 337,6 мың гектар сүдігер жыртылды,  оның ішінде қант қызылшасы дақылына 6,9 мың гектар гектар, 76,7 пайызды құрап отыр. 2019 жылдың өнімі үшін 309,7 мың гектар дәнді және дәнді бұршақты дақылдар гектар, 97,3 мың гектар майлы дақылдар, 9,0 мың гектар қант қызылшасы, 9,8 мың гектар картоп, 43,9 мың гектар көкөніс-бақша дақылдары және 217,3 мың гектар мал азығы дақылдары, барлығы 687,0 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын  орналастыру жоспарланып отыр. 2017-2021 жылдарға  жасалынған Меморандуммен салыстырғанда 79,3 мың гектарға немесе 113 пайызға, ал 2018 жылмен салыстырғанда 102,7 пайызға артады деп жоспарлануда.

Дулат Айтбай

Оставить комментарий

Связанные Статьи