Қайнар Алагөзов: Өз биігін білу керек әр шыбын

/image/2019/06/07/1458909590_aynardan-indiraa.jpg

Түсінбейтін өз ұлтының жан сырын,
Қасымжомарт Тоқаевқа қарсымын.
Жүйрік ақын Жүрсін Ерман айтқандай,
Өз биігін білу керек әр шыбын.

Қарсы емеспін жазымышқа, тағдырға,
Қарсымын мен Әужанұлы Жамбылға.
Каратэ емес, қара терін көрсетсін,
Сегіз миллион сенген елдің алдында.

Қарсымын мен атқа қонған әйелге,
Әйел бастап оңып еді қай елде.
Әрбір әйел бақытты етсін өз байын,
Қарашаны қосам демей бай елге.

Амангелді, Төлеутай мен Жұматай,
Патша болмас, пәтиялы кіл атай.
Ердің жасы елу деген қазақта,
Ортасында бір "Ері" жоқ.
Ұят-ай!

Не көрсем де көппен бірге көремін.
Елден басқа жоқ та менің сенерім.
Қорқа-қорқа шықпай қалған даусымды,
Амалсыздан, Қосановқа беремін!

Қайнар Алагөзов

Оставить комментарий

Связанные Статьи