Еуропа қазақтарының Тоқаевқа хаты: Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды

/image/2019/06/19/41_main.jpg

Еуропа қазақтары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. "Европадағы Қазақ қауымының атынан Қазақ Президентiне ашық хат" деп басталатын хат Серік Тұрсын есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланды.

Хат мәтіні әлеуметтік желіде 14-маусым күні жарияланғанымен, хатты авторлар Қазақстанның Еуропа елдеріндегі елшіліктеріне 18-маусымнан бастап жібере бастапты.

"Құрметтi Тоқаев мырза, Европа елдерiнде тұрып жатқан қазақ қауымы Сiздi Қазақ Елiнiң Президентi болып сайланғаныңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алыста жүреген 5 млн. қазақтың жанына батып жатқан кешегi Елiмiздегi уақиғаға көңiл аударуыңызды талап еткiмiз келедi.

Сiз 15 жылдан аса БҰҰ-да қызмет атқардыңыз, бүкiл дүние жүзiнде бостандық, демократия, адам баласының құқығын сақтау, адам баласының ойын тыңдау деген ұғымдар Сiз үшiн бос сөз емес екенiн бiлемiз.

Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды, қантөгiстi ешкiм қолдамайды, бiрақ халықтың төзiмiнiң де шегi бар, оны бүгiн түсiнген жөн, ертең кеш болады.

Шетте жүрген 5 млн. қазақ бiрiншi қазақ халқымен бiрге, содан кейiн Сiзбен бiрге. Осы тығырықтан шығу жолында бiз қол үшiн созып, көмек көрсетуге дайынбыз", - делінген ашық хатта.

Оқи отырыңыз: 

Біләл Қуаныш. Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат! Босаға мықты болсын десек...

Оставить комментарий

Связанные Статьи