Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік болжап жүрген парлмент сайлауына қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Жоқ, бұл – өте ерте көтеріліп отырған сұрақ. Шынымды айтсам, бұл сұрақтың жауабын өзім де білмеймін", - деді бүгін Ақордада өткен пресс-конференцияда қойылған журналистің сұрағына жауап беру барысында.
Еске сала кетейік, Қазақстанның жаңадан сайланған президенті үкіметті отставкаға жібермейтіні туралы айтқан. Бірақ ол бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкіндігін жеткізген-ді.
Оставить комментарий