Арыс қаласында жойқын жарылыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша оқ-дәрі сақталған қоймалардың бірі жарылған.
"Бүгін сағат 9:20-да өрт сөндіру қызметкерлері қоймада өрт болғаны туралы хабарлама алды. Кейіннен Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшенің өртенгені белгілі болды. Аталмыш орынға Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері және 8 техника жұмылдырылды",-делінген ІІМ ТЖК-ның хабарламасында.
Оставить комментарий