Арыста қаза тапқан екінші адамның денесі әскери бөлімшенің маңынан табылды

/image/2019/06/25/crop-114_6_562x749_042430611300.jpeg

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыста қаза тапқан екінші адамның денесі әскери бөлімшенің маңынан табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз екі адамның қаза тапқанын нақты айта аламыз. Бірі - Арыс қаласының тұрғыны. Снаряд автокөлікке түсіп, жарақат алып, қайтыс болды. Екіншісі - Қорғаныс министрлігінің келісім-шарт бойынша әскери қызметкері аға сержант Әлімбеков Б.М. Оның денесі іздестіру жұмыстары кезінде әскери бөлімшенің маңынан табылды", - деп хабарлады Юрий Ильин.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи