Арыс қаласының 16 көшесінен жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған

/image/2019/06/25/crop-147_2_562x750_whatsapp-image-2019-06-25-at-20.14.16.jpeg

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары брифинг берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің Арыс қаласына арнайы барған тілшісі. 

Вице-министрдің айтуынша, Арыс қаласындағы оқ-дәрілер мен снарядтарды залалсыздандыру әлі бітпеген. Кемі екі үш күн бойы Арыс тұрғындары қалаға кіргізілмеуі мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің күшімен қала аумағы бойынша қоршау жұмыстары ұйымдастырылды (ҚР ҚК жекеқұрамының 800 адамы, 50-ден астам әскери техника қолданылды).

Оның ішінде 125 сапер қала көшелерінде, теміржол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асырып жатыр. Өзге әріптестері жеке құрамды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және қала мен әскери қалашықтың аумағын қоршауға қатысып жатыр.

Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауға алынды. Бүгінгі күні 3 от орны анықталды. Десек те, ірі жарылыс орын алмады. Дегенмен, тұрақты қауіпті жағдай сақталды.

Қалада және іргелес аумақта радиациялық көрініс қалыпты жағдайда.

Жарылмаған снарядтардың тұрғын үйлерге түсуі - мина жою жұмысын күрделендіре түсуде. Мұндай үй-жайларға саперлерді жіберу прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.

Арыс қаласының 16 көшесінен жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи