Кеше синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жариялаған болатын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі қолданушылары елорданың төбесінде ойнаған ауа-райының тосын мінезін суретке, видеоға түсіріп, бөліскен.
Видеодан найзағайдың қаншалықты қорқынышты болып, түнгі елорда аспанын қалай қақ айырғанын анық көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramСтоличная гроза ⛈ #Астана#гроза #canon#canonkazakhstan #qazphoto#street#visuals #Astana#Kazakhstan
Елорда тұрғындары күннің күркілінен шошып оянып, зәресі ұшқандарын жарыса жазып жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның астанасында 27 маусымда ауа-райы бұлтты болады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Күндіз және түнгі уақытта 17-19 градус жылы болады.
Кеше Солтүстік Қазақстанда дауыл үйлердің шатырын қиратып, ағаштарды құлатты.
Оставить комментарий