Арыс қаласының тұрғындары қала ішінде әлі де жарылмаған оқ-дәрілер мен снарядтар бар екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Арыс тұрғындары Азаттық Радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлына айтып берді. Мамашұлы Арыстағы үйлерді аралап, қала көшелерінде "жарылмаған снарядтар жатыр" деген тұрғындармен тілдесті. Журналиске қала көшелерінде жатқан оқ-дәрілерді көрсеткен тұрғындардың айтуынша, олардың арасында жарылмағандары да бар екен.
24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыстан кейін эвакуацияланған қала тұрғындары 28 маусым күні азаңда Арысқа кіргізіле бастады.
Оставить комментарий