Ақтауда жергілікті халық жерде жатқан Қазақстанның көк байрағын көргенде не істейтіні жасырын камераға түсіріліп, эксперимент жүргізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың мемлекеттік рәміздерге көзқарасын білу үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік тәжірибе жасауға бел буған.
Олар адамдардың реакциясын жасырын камераға түсіріп алды. Тұрғындар сан түрлі әрекет көрсетті. Бірі түк көрмегендей жанынан өтіп кетсе, енді бірі көк туды жерден көтеріп, жоғарыға іліп қойды, өзгесі өзімен бірге алып кетті. Жерде жатқан көк байраққа немқұрайлы қарамаған жандардың ішінде тек үлкендер емес, балалар да болды.
Оставить комментарий