Қанат Ислам қарсыласын 10 секундта нокаутқа түсірді (видео)

/image/2019/07/06/crop-33_-3_300x400_photo_57715.jpg

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам орта салмақтағы WBO Inter-Continental атағын жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы болды, бірақ көрермендер жекпе-жекті тамашалап үлгермеді: қазақстандық қарсыласын бірінші раундтың оныншы секундында нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Қанат Исламның бұл жекпе-жегі ұзақ уақыт үзілістен кейін болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың қыркүйек айында рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық боксшы Брэндон Кукті жеңіп, сол жеңісімен WBA Inter-Continental және WBO-NABO екінші дәрежелі титулдарын қорғаған, алайда кейін ол атақтарынан айырылып қалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи