Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады. "23.14-де Алматы ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.
Оставить комментарий