Жамбылда экономиканың өсімі - 103,8 пайызды құрап отыр

/image/2019/08/01/crop-9_11_363x610_20150812190651.jpg

Жамбыл облысда ағымдағы жылдың жарты жылында экономиканың өсуі – 103,8 пайызды құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімі  Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығына берген есебінде баяндады.

«Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,4 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 12,7 пайызға артты. Осы орайда бюджеттен тартылған инвестиция азайып, жеке сектордың үлесі көбейіп келе жатқанын айтуға болады. Есепті кезеңде 17 миллиард теңгеге 7 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 46 миллиард теңгеге 9 жоба іске асырылады. 32,2 миллиард теңгеге бағаланған 2 жоба шетел инвесторларының қатысуымен атқарылады. Олар – «Kaz-ir Agro» ЖШС-нің (Иран) «Сафлор майын шығару зауытын кеңейту» және «M-KATGREEN» (Франция) компаниясының «Күн электр стансасының құрылысы мен пайдалануы» жобалары.

Бөлшек сауда 104,3 пайыздыкөтерме сауда 109,8 пайызды құрады.

Инфляция деңгейі (2018 жылдың желтоқсанына) 102,3 пайыз. Бұл республикалық орта көрсеткіштен төмен.

Ауыл шаруашылығының өнімі – 103,8 пайыз, яғни 2 мың гектарға артып, 670 мың гектарға жетті. Егін ору өткен жылдан 60 пайызға жоғары (2018 жылы – 39,5 мың, 2019 жылы – 64,7 мың гектар).

Өткен жылы құрылған мехотряд 99 шақырым каналдарды тазалап (27 канал, 5 су қоймасы), 6,6 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілді, – деді облыс әкімі Асқар Исабекұлы.

Сондай-ақ, биыл тәулігіне 8 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін қант зауытының құрылысы тамыз айында басталмақ. Жоба Шу ауданындағы арнайы экономикалық аймақта салынады.

Облыста құрылыс көлемі 12,4 пайызға өсіп, 226 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6,2 пайызға артты. Оның ішінде 260 пәтер көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына берілді. Бұдан басқа, демеушілер есебінен 24 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын тұрғын-үй кезегі жеткенге дейін жатаханамен қамту үшін Тараз қаласынжда арнайы 8 жатақхананың құрылысы басталды.

Жеке тұрғын үй құрылысына 2877 жер телімі беріледі. Бұдан бөлек, тек электр қуатын тарта отырып 17 алқапта 3722 жер телімін беру қарастырылып жатыр.

Қуаныш Кеуілімжай

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи