Алакөлге құйылған құбыр суының қайдан келгені белгілі болды (видео)

/image/2019/08/01/crop-49_86_360x640_190801110331742e.jpg

Әлеуметтік желіде тараған Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бейлегенген видеоға байланысты Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі түсінік берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселеге қатысты Алакөл ауданының әкімдігі арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

«Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары мен қонақтары! Бейнежазбада көрсетілген су «Көктем гранд» демалыс орнының бассейнінен аққан су екенін хабарлаймыз. Көлге ешқандай зияны жоқ. Аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан аталған жерге барып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі таралған бейнежазбада көрсетілген «Көктем Гранд» демалыс орнының бассейнінен көлге құйылып жатқан су мәселесі бойынша бүгін аудандық комиссия құрылды», – деді Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір сорғыштан аққан су тоқтаған.

"Бейнежазбадағы аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы. Су соратын сорғыш сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынатын су кері қайтқан. Ал демалыс орнының дәретхана құбыры бөлек жерде орналасқан. Аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алуда», – делінген Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, Алакөл көліне белгісіз лай су құбыр арқылы төгіліп жатқанын туристтер хабарлаған болатын. Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи