Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы президент өзінің Twitter парақшасында жазды.
""Айқын" қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды.Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс", - делінген президент жазбасында.
«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды.Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым.Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиісhttps://t.co/iJPHCvzEqN
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 1, 2019
"Айқын" республикалық газетінің мәліметінше, Президент өнімін сатып алған кәсіпкердің аты-жөні — Дәурен Раманқұл. Кәсіпкер алғаш кәсібін 2016 жылы шағын шеберханада екі тігін машинкасымен бастаған. Елде тігін фабрикасына қажетті құрал-жабдық тұрмақ, етікші тапшы кезде аяқкиім тігуді қолға алған кәсіпкер қазір жұрттың алғысына бөленгеніне дән риза.
Оставить комментарий