Алтынды заңсыз алғандардың жазасы қандай?

/image/2019/08/13/6390f3es-960.jpg

Жамбыл облысында құрамында алтыны бар тастарды заңсыз жолмен алды деген күдікпен ұсталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«27-шілде күні Мойынқұм аудандық «102» телефонына белгісіз адамдардың құрамында алтыны бар тастарды заңсыз жинап жүргені туралы ақпарат түскен. Алтын іздегендер «УАЗ» маркалы үш көлікпен өздерінің заңсыз әрекеттерін жүзеге асырыпты. Тексеру барысында полиция қызметкерлері төрт қап тасты тәркілеген. Заңсыз әрекетке қатысы бар сегіз азамат күдікті ретінде ұсталды. Қолға түскен құнды тастар сот-химиялық сараптамаға жіберілген», - деп жазылған мәлімдемеде.

Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК 334-баптың 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи