Қырғызстандағы Қой-Таш елдімекенінде 7-8 тамыз күндері орын алған оқиғалар бойынша экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жақтастарына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде пресс-конференция барысында Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Жамшитов айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Прокурор қылмыстық істер жаппай тәртіпсіздік, кісі өлімі, кепілдікке адам алу, кісі өлтіруге әрекет жасау, бұзақылық бойынша қозғалған.
Атамбаевтің өзі қару қолданды, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, тергеуге кедергі келтірді, кепілге адам алды, бір адамды өлтірді деп айыпталуда.
Қырғызстандық ҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген. Тұтқындау операциясы кезінде экспрезиденттің жанында жүрген әйелдер мен қарттарға ақша төленген деді комитет төрағасы.
Оставить комментарий