Қоғамдық бірлестіктер қалай қызмет етеді?

/image/2019/08/19/birlestik.jpg

Жалпы кез келген нәрсені білу маңызды. Әрине, бұл адам үшін де керек. Мысалы, біз республикадағы қоғамдық бірлестіктердің немен шұғылданатынын білеміз бе? Білу міндет емес деу артық. Әрине, біздің білетініміз, Қазақстанда жүздеген бірлестіктер бар және олар әртүрлі салада қызмет етеді.

Анығына келгенде, ол заңды – тұлға. Бірлестік әрине,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өтеді. Олар қалай қызмет етеді? Анығы, ол бір адамның меншігінде болмайды. Бірлестіктің арнайы құжаты, жарғысы, мақсаты мен міндеті болады. Соған сай қызмет етеді. Жалпы ондаған адам бірігіп барып, бірлестік құрылуы мүмкін. Олардың қызметі қандай сонда?

Негізі, мұның барлығы да Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң бойынша жүзеге асады. Республикамызда қазіргі уақытта «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң бар.  Бірлестіктің жұмысы осы заңның аясында іске асырылады. Ол үшін алдымен не істелінуі керек?

  1. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, алдымен он адамнан құрылған бастамашыл топ құрылады
  2. Бастамашы топ жиналыс, сиезд өткізеді
  3. Бұл жиын құрылтай деп аталуы да ықтимал
  4. Құрылтайда алдымен жарғы қабылданады
  5. Алдын ала оның мәртебесі анықталады
  6. Ол қалай қызмет етеді, аймақтық деңгейде ме, жоқ республика көлемінде ме, мұның барлығы алдына ла нақтыланады.
  7. Бірлестік жергілікті немесе аймақтық әділет органынан тіркеуден өтеді.

Тағы бір айта кететін бір жайт, бірлестік акйналысатын саласына қатысты әртүрлі болуы мүмкін.

Біріншіден, ол республика аумағын түгел қамтуы ықттмал.

Екіншіден, бірнеше облыста, яғни бір-біріне жақын орналасқан аймақта жұмысын жалғастыруы мүмкін.

Үшіншіден, бір ғана облысты қамтитын да бірлестіктер болады

Төртіншіден, әр аумақта бөлімшілері мен өкілдері болса, республикалық қоғамдық бірлестік болып есептеледі.

Жалпы ондаған адам бастамашы болып, құрылатын бірлестіктің қызметі қандай?  Немен айналысады? Бірлестік Қазақстан Республикасында заң аясында қызмет етіп, барлық сала бойынша жұмыс істей алады. Атап айтар болсақ...

  1. Азаматтардың бостандығын қорғау;
  2. Саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға араласу;
  3. Ғылыми, техникалық, көркем шығармашылықпен айналысу;
  4. Тіл, мәдениет, үгіт- насихат жұмыстарымен шұғылдану;
  5. Қайырымдылық қызметі бойынша халыққа қызмет көрсету;
  6. Тарихи-мәдени ескерткіштерлі қорғау;
  7. Жастарға құқықтық тәрбие беру;
  8. Патриотизм мен құқықтық мәселемен айналысу;
  9. Салауатты өмір салтын насихаттау;
  10. Қоршаған орта мен табиғат пен экологиялық мәселелерді  қорғау:

Әрине, бірлестіктер айналысатын саланы одан ары да жалғастыра беруге болады. Бірақ әңгіме мынада: олар елдің дамуы үшін, халық үшін жемісті қызмет еткені дұрыс. Сонда ғана оның жұмысының нәтижелілігі көрінеді. Бастамашыл топпен ерікті түрде құрылатын бірлестіктердің ақиқатында елге, халыққа берері көп.

Маржан Сәбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи