Қазақстан көппартиялық жүйеде дамып келе жатыр. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Қазір парламентте үш партия бар. Атап айтар болсақ. «НұрОтан» партиясы. Бұл – Мәжілісте ең көп дауыс алған саяси ұйым. Төрағасы –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әрине, Қазақстанның саяси өмірінде және елімізде ең мықты және қуатты партияға айналып отырған саяси ұйымның қуаты күшті. Өйткені әңгіме –көшбаасшылықта. Еліміздегі өтіп жатқан қай бір шаралар болсын, қазір «НұрОтансыз» өтпейді. Өйткені мемлекеттің дамуына тікелей «НұрОтан» атсалысып отыр және іргелі партияға сенім де күшейді. Оның үстіне қазіргі таңда «НұрОтан» шын мәнінде халықтық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Жетекші партияның әр салаға арналған халықтық жобалары бар. Қазіргі таңда «НұрОтан» партиясы билікпен тізе қоса отырып, еліміздегі қордаланған проблемаларды жедел шешуге атсалысуда. Бұл шын мәнінде партияның айқын мықтылығы мен қуатты қарқынын көрсетеді.
Қазір «НұрОтан» парламентте басым дауысқа ие. Еліміздегі жетекші партияның сондай-ақ мәжілісте фракциясы да бар.
Сонымен қатар, Мәжілісте орын алған саяси ұйымның бірі - «Ақжол» партиясы. Олар «НұрОтан» сияқты халықтың басым дауысын ала алған жоқ. Бірақ парламентте өкілдері бар.
Мәжілістегі орын алған үшінші партия ол – Халықтық Коммунистік партиясы. Олар да аса белсенді емес. Соңғы екі партияның Мәжілісте 7-8 ғана өкілі бар. Бұл соңғы 2016 жылғы Мәжіліс сайлауының нәтижесі. Президент жарлығымен Ассамблеядан тағайындалған 9 депутаттың да парламентте мандаты бар. Міне Қазақстанның саяси додасында алғашқы үштікке ілінген үш партия осы. Бірақ қалған екі партия саяси додада «НұрОтанның» шаңына да ілесе алмай қалды. Бұл елдегі жетекші партияның қуатты қарқынын және халықтың басым даусына ие болып отырғанын көрсетеді.
Бұдан басқа Қазақстанда Коммунистік, «Ауыл», Ақиқат» және «Бірлік» партиясы бар. Бірақ олар 2016 жылғы саяси додада өздерін көрсете алмады. Сөйтіп, Мәжілістен орын ала алған жоқ.
Ал келер сайлау қашан болады? Сарапшылар 2021 жылы өтетін болар деп топшыланып отыр. Бірақ Қазақстанның парламентаризм тарихына үңіле қарасақ, барлық Мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын өткен. Олай болса, келер жылы мәжіліс сайлауы өтуіә мүмкін бе? Ол жағы әлі белгісіз. Бірақ алдағы сайлауда саяси бәсекелестік қыза түсетіні ол енді анық. «Сондықтан саяси аренаға жаңа партия шығуы да мүмкін»,- дейді кейбір сарапшылар. Бірақ уақыттың қысқа екенін ескерер болсақ, жаңадан келетін саяси партия топ жарып шығады деу сенімсіз. Қуаты және саяси бәсекелестігі жағынан қазір «НұрОтан» ешкімге дес бермей тұр.
Әділет Мәдениет
Оставить комментарий