Климат өзгеріп бара жатыр. Оған себеп мол. Ауа ластанып жатыр. Өндірістік қалдық көбейді. Бұл бүкіл ғаламға тән нәрсе болып отыр. Сондықтан экологиялық мәселелер жиында жиі талқыланады. Тіпті экология тақырыбына қатысты үлкен мінберлерден бастамалар да көтерілген. Әрине мұның барлығының да мән-маңызы бар. Үнсіз отыруға болмайды. Қайтпек керек?
Сондықтан Қазақстан «жасыл экономикаға» көшуді 2009 жылдардан соңын ала бастады десек те болады. Нақты айтсақ, 2010 Астана Азия және Тынық мұхиты елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің Астана қаласында конференциясы өтті. Бұл басқосудың Астанада өтуі бекер емес. Өйткені Астана ақиқаты керек, соңғы 15-20 жылда әлемдік диалог алаңына айналды. Келелі мәселелерді талқылауға мұнда әлемнің әр түкпірінен мықты саясаткерлер мен сарапшылар, экологтар келді. Олар ғаламдық проблемаларды сөз етті. Бұған шындығы керек, Елбасы Назарбаевтың ғаламдық бастамаларды көтеруі себеп болды десек, артық айтқандық емес. Неге?
-Өйткені атмосфера ластанып жатыр.
-Жасыл ормандар адамдардың тағылық әрекетінен жойылып барады.
-Су және энергия тапшылығы байқала бастады.
-Табиғи ресурстар таусылып барады.
-Экологияның бұзылуынан адамдардың денсаулығы нашарлады.
-Тепе-теңдік бұзылды.
-Ауада парниктік газдар көбейді.
-Өндірістік қалдықтар ауаны ластады.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, жедел шара қабылдамаса, болмайды. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елді «жасыл экономикаға» көшіру жөніндегі тұжырымдама жарлыққа қол қойды. Бұл 2013 жылдың 1 маусымында жарыққа шықты.
Бұл тұжырымдаманың мәні неде?
Біріншіден, бұл үлкен кешенді құжат.
Екіншіден, еліміздің экономикалық дамуын экологиялық және халықаралық талаптарға сәйкестендіреді.
Үшіншіден, бұл Президенттің үкіметке ғана берген тапсырмасы емес. Оған эколог мамандар, сарапшылар, қалың жұртшылық пен экология мәселесіне бей-жай қарай алмайтын Қазақстанның барлық тұрғындарының бей-жай қарай алмайды. Мұның барлық бұқараға қатысы бар. Сондықтан Елбасы Жарлығына орай «жасыл экономика» тұжырымдамасын, қысқа мерзімде үш кезең бойынша жүзеге асыру негізгі алынды.
Бірінші. Аталған тұжырымдаманы 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асыру.
Екінші. 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, территорияларды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары және тағы басқа салада жүзеге асыру.
Үшінші. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы. Сондай-ақ 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы.
Әрине, «жасыл экономиканың» қандай пайдасы бар?? Ауа ластанбайды, парниктік газдардың шығарылымы күрт азаяды. Экологияға орасан зор нұқсан келмейді. Демек, бюджеттен және қосымша көздерден алынған қаржы арнайы мақсатқа қана жұмсалады. Ал мұның тиімділігі өте зор. Атап айтқанда. 2050 жылға қарай жел мен күн көзінен алынатын қуат көзі республикамызда 39 пайызға өседі. Бұл әрине табиғи ресурстар көзі мен пайдалы қазбалар таусыла бастаған шақта орасан зор пайдалы болмақ. Демек, Қазақстандағы «жасыл экономиканың» жандана түсуіне Президент пәрмені себеп болды десек, ол ақиқат.
Еркін Қалдан
Оставить комментарий