Әлемді экологиялық мәселелер мазалап тұр. Бұл жыл өткен сайын асқынып барады. Оны еш жоққа шығаруға болмайды. Қоршаған ортаны қорғау – кез келген мемлекеттің басты ұстанымына айналды. Бұл Қазақстанда ғана емес, әлемдік түйткілді проблема. Сондықтан да ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды мен көмір қышқыл газды азайту негізгі жұмыс істейтін бағытқа айналды. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты арнайы заңнамалар қабылданды. Экологиялық кодекс жүзеге асты. Қазір қоршаған ортаға зиян келсе, тиісті министрлік жергілікті прокуратурамен тексере отырып, үлкен айыппұл салады. Оны болдырмаудың алдын алады. Қазір Қазақстанда қоршаған ортаны таза ұстау мен сақтаудың және «жасыл экономикаға» көшудің барлық алғышарттары жасалды. Заңнамалар жұмыс істеуде. Ал экологияға зардабын тигізген кәсіпорындар мен мекемелерден түскен айыппұл қайда жұмсалады? Мамандардың айтуына қарағанда, бұл қаржы экологиялық түйткілдерді шешуге жұмсалады.
Бұл ғана емес, мақаланың басында айттық, әлемде экологияға қатысты ортақ тұжырым бар: Ол экологияны, атап айтқанда қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Ол – Киото хаттамасы. Оның мақсат-мүддесі не? Ол қашан қабылданған? Аталған құжат 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған. Бұл құжат бойынша оған қол қойған мемлекеттер халықаралық деңгейде экологиялық мәселелермен күреседі. Өйткені проблема ортақ, ғалам экологияның ластануынан зардап шегуде. Бірақ Киото жиынына қатысқанмен, оны осы күнге дейін бекітпеген мемлекеттер де бар. өйткені Киото хаттамасы бойынша, ортақ ережелерді кез келген мемлекет орындауы керек. Атап айтқанда ол не? Қоршаған ортаны ластамау, парниктік газдардың шығарылымын төмендету және тағы басқалар. Атап айтар болсақ, Қазақстан Киото хаттамасын 2009 жылы мақұлдады. Жалпы хаттама бойынша не істелінуі керек?
Біріншіден кез келген ел парниктік газдардың шығарылымын күрт төмендету қажет. Мысал ретінде айтар болсақ, ЕуроОдақ елдері -20 пайызға азайтады.
Екіншіден әр елдің хаттамасы бойынша алған міндеттемесі бар. Мысалы, Жапония-15. Ресей-15 пайызға парниктік газдарды төмендетеді.
Үшіншіден алпауыт ел АҚШ-тың өзі 15 пайызға азайту туралы міндеттеме алған.
Төртіншіден, Киото хаттамасы бойынша әр елге әртүрлі талап қойылған. Мысалы, кейбір экономикасы әлсіз, халықтың хал-ахуалы нашар елдерге парниктік газдарды төмендету туралы талап қойылмаған. Олардың ішінде Үндістан, Бразилия сияқты елдер бар.
Бесіншіден, Киото хаттамасына қол қойылғанымен, оны орындаудан бас тартқан елдер де бар. Атап айтар болсақ – АҚШ. Олар 2001 жылы Киото хаттамасынан шығып кетті. Расын айту керек, басқа елдермен салыстырмалы түрде қарағанда, АҚШ ауаға газдарды көп шығарады. Бірақ мұның барлығы хаттамадан тыс өзіміз-ақ реттейміз деп отыр. Әрине, мұның барлығын алдағы уақыт көрсетеді. Анығына келгенде, 1997 жылы қабылданған хаттама 2012 жылы аяқталып, оған барлық ел кірісуі тиіс болатын. Хаттамаға қол қойылғанымен, алайда экономикасы қарқынды дамып бара жатқан кейбір елдің басшылары экологияның бұзылуына соншалықты назар аударып отырған жоқ. Қоршаған ортаның әлі де ластанып, ауаның ысып, ғаламдық жылынудан әлемге үлкен қатер төніп отыр.
Бұл орайда Қазақстан Жапония жерінде қабылданған Киото хаттамасының орындалуына адалдық танытып отыр деп айтуға болады. 2009 жылы Қазақстанда Киото хаттамасы бекітілді, Парламент оны ратификациялады. Біздің еліміз бұл салада нәтижелі жұмыстар жүргізуді қолға алды. Атап айтар болсақ, 2020 жылға дейін парниктік газдардың шығарылымын 15 пайызға, 2050 жылы 25 пайызға азайтуды жоспарлап отыр.
Демек, елде экологиялық түйткілдерді шешудің барлық бағыт-бағыттары айқындалды. Экология – басты мәселе. Бұдан құтылудың жолы қандай? Ол – «жасыл экономика». Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта үкімет «жасыл экономикаға» көшудің үлесін өндірісте арттыруға күш салуда. «Жасыл экономиканың» тиімділігі өте үлкен. Ал Киото хаттамасы келешекті ойлайды, қоршаған ортаны қорғайды, экологиялық қатерге қарсы күреседі. Анығына келсек, Қазақстанның ғана емес, ғаламның да «жасыл экономикаға» көшіп жатқанының сыры да осы.
Оставить комментарий